Елордада есірткі заттарын таратты деген күдікпен 19 жастағы курьер ұсталды, -хабарлайды Aikyn.kz сайты Police.
Құқық бұзушылық учаскелік полиция инспекторының кезекті аумақты аралау барысында жас жігіттің күмәнді әрекетін байқауынан кейін әшкереленді.
Полицейлердің мәліметінше, жеке тексеру кезінде оның рюкзагынан изолентамен оралған 8 түйіншек табылған. Әрбір түйіншектің ішінде ақ түсті, өзіне тән иісі бар, “альфа-PVP” есірткі затына ұқсас зат салынған 20 ұсақ түйіншек болған.
“Күдіктінің жалдамалы пәтерінде жүргізілген тінту барысында ас үй үстелінен кофе ыдысына жасырылған екі қағаз орама табылды. Сондай-ақ есірткіге ұқсас зат сақталған шыны ыдыс пен оларды өлшеуге және орауға арналған құралдар тәркіленді”,- делінген ақпаратта.










