Мемлекет басшысы тілектестігін жеткізді

Мемлекет басшысы хатында Таяу Шығыстағы қа­зіргі күрделі ахуал кезінде Біріккен Араб Әмірлік­тері­не қолдауы мен тілектестігін жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның тегеурінді, парасатты әрі көреген бас­шылығымен БАӘ қауіп-қатерді еңсеріп, қарқынды стра­тегиялық даму бағдарын жалғастыратынына се­нім білдірді.

Қазақстан Президенті дипломатия және сын­дарлы диалог ұзақмерзімді бейбітшілік пен тұрақ­ты­лыққа қол жеткізудің ең сенімді құралы екенін тағы да атап өтті.

Мемлекет басшысының бұл хаты өзара сенімнің жо­ғары деңгейін, ынтымақтастықтың стратегиялық си­патын және Қазақстан мен Біріккен Араб Әмір­лік­тері халықтарының арасындағы шынайы бауыр­ластық қарым-қатынасты растайтынын көрсетеді.