Халық әртісі, әнші Димаш Құдайберген тыңдарманның сұрағына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Тыңдарман әншіден кіммен шай ішкісі келетінін сұрады. Халық әртісі ойланбастан анасының жанында көбірек болғанды қалайтынын жеткізді.
“Анаммен. Үлкен кісілердің қолында өскен баламын. Анамыздың жасы біразға келіп қалды. Сексеннің ар жақ, бер жағы. Мен әлемнің әртүрлі елдерінде жер шарын аралап жүре беремін. Әрқашан анамызбен бас қосып, шай ішіп отырғанда жанынан кеткің келмейді. Кеше ғана келдім Астанаға. Бүгін көрістім, кеше көрістім. Енді айдың соңына лейін көрісе алмаймыз. Сондықтан мейлінше сол кісімен көбірек уақыт өткізуді өзім қалаймын, армандаймын. Бірақ бізде де жұмыс бар, халық тың, тыңдарманның алдындағы міндет бар. Бірақ жүрегімізде әрқашан анаға деген сағыныш бар. Үлкен кісілермен шай ішкенге ешнәрсе жетпейді”- , дейді әнші.
Желі қолданушылары Димаштың жауабына ризашылығын білдірді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.









