Оралда алғаш рет педагогикалық хакатон өтті

«Тиімді басқару және жас маман: тәжірибе мен идеялар үндестігі» тақырыбындағы бұл ауқымды шараға мектеп пен колледж директорларынан құралған 29 команда қатысты. Оның ішінде үздік 10 команда финалға жолдама алды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі БҚО әкімдігіне сілтеме жасап.

Хакатонның басты мақсаты – мектеп басқарудағы тиімді тәжірибелерді тарату, жас педагогтер мен басшылар арасында кәсіби диалог орнату, және жаңа идеяларға қолдау көрсету.

Форумға білім беру бөлімдерінің басшылары, мектеп директорлары және жас педагогтер белсенді қатысты.

Қатысушылар өз жобаларын келесі бағыттар бойынша қорғады:

цифрлық оқыту сапасы

психологиялық қауіпсіздік

STEM және тәжірибелік дағдылар

басқару және көшбасшылық

кәсіби бағдар

Білім саласындағы жаңа бастамалар мен тың идеялардың алаңына айналған бұл хакатон – тәжірибе мен жаңашылдықтың тоғысқан ортасы.