Александр Бублик топ жарып, рекорд орнатты

Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик ATP 250 сериясындағы турнирдің жеңімпазы атанды. Әлемнің 11-ракеткасы атанған спортшы осы спорт түрінен ел үшін тарихи жетістікке қол жеткізді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Финалда Қазақстаннан шыққан әлемнің 11-ракеткасына 23 жастағы италиялық Лоренцо Музетти қарсы тұрды.

Кездесу екі сетте аяқталып, есеп 7:6, 6:3 болып Александрдың пайдасына шешілді.

Гонконгтағы бұл жеңіс Александр үшін ATP сериясындағы турнирлерде 9-шы титул болды.

Финалға дейінгі жолда Қазақстанның үздік теннисшісі Ботик ван де Зандсхулпты, Цзюньчэн Шанды, Маркос Гиронды жеңді.