Бүгін Орал қаласында жаңа заманауи спорт кешені ел игілігіне берілді. Жобаны жүзеге асыруға Freedom Holding Corp компаниясы қолдау көрсетті, деп хабарлайды kazlenta.kz.
Салтанатты ашылу рәсіміне Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен Freedom Holding Corp компаниясының басшысы Тимур Турлов қатысып, бұл әлеуметтік бастаманың маңыздылығына тоқталды.
Ғимараттың жалпы аумағы – 2 025 шаршы метр. Нысанда спорттық ойындарға арналған жаттығу залдары, күрес және үстел теннисіне арналған арнайы орындар бар. Сонымен қатар жалпы және арнайы дене дайындығына арналған заманауи спорттық құрал-жабдықтармен толық қамтылған.
Жаңа кешенде спорттың 20 түрінен 250-ден астам спортшы жаттығады.










