Алматының Орталық стадионында өткен Қазақстан чемпионатының соңғы турында «Қайрат» футбол клубы өздерінің басты қарсыласы – «Астана» командасын қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл нәтижемен «Қайрат» қатарынан екінші рет чемпион атанып, клуб тарихындағы бесінші алтын жүлдесін жеңіп алды. Сонымен қатар, команда Қазақстан Премьер-лигасы тарихындағы рекордтық 16-шы медаль жиынтығын иеленді. Бұдан бөлек, «Қайрат» келесі маусымда УЕФА Чемпиондар лигасына ел намысын қорғауға мүмкіндік алды. Көрермендер арасында қазақстандық футболдың ардагерлері мен Алматы әкімі Дархан Сатыбалды да болды. Үзіліс кезінде қала басшысы 2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша «Қайрат» академиясының тәрбиеленушілерін марапаттады. Клуб тарихында алғаш рет Академияның барлық жас командасы өз лигаларында чемпион атанды, – делінген хабарда.










