Премьер-министр инфляция деңгейін бақылау және төмендету бойынша қажетті шаралар қабылдауды тапсырды

Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі шаралар қаралған Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов бағаның тұрақсыз болуы инфляция деңгейіне әсерін тигізетінін атап өтті. Тамыз айында ол 12,2%-ды құрады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Біз оны жыл соңына дейін 11%-дан аспайтын деңгейде ұстап тұру мүмкіндігін көріп отырмыз.Ұлттық экономика министрлігіне Ұлттық Банкпен, әкімдіктермен, Ауыл шаруашылығы, Сауда, Өнеркәсіп, Энергетика министрліктерімен, сондай-ақ Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірге Инфляция деңгейін бақылау және төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырамын», —  деп атап өтті Олжас Бектенов.