Елордада қала тұрғындары үшін өткізілген Astana sport power Fest атты тегін спорттық фестивальдің жабылу шарасы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астана қаласы Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен өткен спорттық бәсекеде қала тұрғындары әр аптаның сенбісінде армрестлинг, кикбоксинг және өзге де жекпе-жек спорт түрлері бойынша мамандардан ақыл-кеңес алып, тегін жаттықты. Сондай-ақ армрестлингтен Most атауымен федерация кубогы сарапқа салынды.
Бұл жобаның ерекшелігі – әрбір жастың бос уақытын тиімді өткізуіне атсалысып, бойындағы спорттық қабілетінің ашылуына мүмкіндік беру.
Жабылу салтанаты «Жастар» сарайы мәдени орталығының жас өнерпаздарының концертімен жалғасты.