Астанадағы саябақтарда қала тұрғындары мен қонақтары үшін тегін йога жаттығулары өтіп жатыр

Астанадағы саябақтарда қала тұрғындары мен қонақтары үшін тегін йога сабақтары жалғасуда. Жаттығулар 5 қазанға дейін өтеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Йога жаттығуларын білікті мамандар, оның ішінде Үндістаннан келген қонақтар жүргізеді. Жаттығулар кешенінің мақсаты – аз қозғалатын адамдардың денсаулығын жақсарту және төзімділігін арттыру. Қала тұрғындарына арналған кілемшелер тегін беріледі.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жаппай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіледі.

Йога сабақтары келесі орындарда өтеді:

• Сарыарқа ауданы – «Йога» саябағы (Мамбетов көшесі, 1);

• Есіл ауданы – «Жетісу» саябағы;

• Нұра ауданы – Орталық саябақ;

• Алматы ауданы – Триатлон саябағы және «Жерұйық» саябағы;

• Сарайшық ауданы – Президенттік саябақ. Қосымша ақпаратты +7 707 777 88 82 нөміріне қоңырау шалу арқылы алуға болады.