Жұмыспен қамту өсуде: Қазақстанда жұмыссыздықтың төмен деңгейі сақталып отыр

Қазақстанда жұмыссыздықтың төмен деңгейі сақталып отыр. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстанда жұмыссыздық деңгейі 4,6% деңгейінде сақталып отыр. Жұмыспен қамтылғандар қатары жалдамалы жұмыскерлер есебінен өсіп отыр, олардың саны 7,1 миллион адамға жетті, ал өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны – 2,1 млн адам. Бұл туралы Үкімет отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов мәлімдеді, деп хабарлаййды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.