Оқиға орнына дереу ҚР ТЖМ-нің күштері мен құралдары, соның ішінде «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
— 25 шілдеде Алматы облысының ТЖД кезекші бөліміне үш экипаж мүшесі бар Қорғаныс министрлігінің тікұшағы Луговой елді мекенінен ұшып шығып, Отар аумағында байланысқа шықпай қалғаны туралы хабар түсті.
Оқиға орнына дереу ҚР ТЖМ-нің күштері мен құралдары, соның ішінде «Қазавиақұтқару» тікұшағы жұмылдырылды.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына ТЖМ бөлімшелері, Апаттар медицинасы орталығы, Республикалық жедел-құтқару жасағы мен ТЖМ авиациясы жұмылдырылды. Барлығы 100-ден астам адам мен 15-ке жуық техника, оның ішінде авиация мен ұшқышсыз ұшу аппараттары тартылды, — делінген министрлік хабарламасында.
Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.