Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Қожағапановқа үкім шықты

Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа үкім шығарды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұрынғы шенеунік үш жылға сотталды. Сот оны ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілетін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп тапты.

Қожағапановқа мемлекеттік қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды.

2025 жылы бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановқа қатысты іс сотқа берілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаевтың айтуынша, бұл іс бойынша келтірілген шығын өзгеріссіз қалған және 1 миллиард теңгеден асады.