Павлодарда ұландықтар өртенген көлікті сөндірді

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5512 әскери бөлімінің әскери қызметшілері қала қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде жанып жатқан Volkswagen Golf автокөлігін байқаған, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әскери жасақтың бастығы қатардағы жауынгер Ернұр Аманқұл оқиға туралы дереу әскери жасақтар бойынша кезекшіге хабарлап, 101 шұғыл қызметін шақырды. Ол көлікті қауіпсіз жерге сүйреп апарып, өрт сөндіргіштің көмегімен өртті ауыздықтады. Өрт құтқарушылар келгенге дейін сөндірілді.

Өрт сөндірушілер келгенге дейін ұландықтар жалынмен сәтті күресті. Зардап шеккендер жоқ. Әскери қызметшілердің жедел әрекетінің арқасында сын-қатерлердің алдын алуға мүмкіндік туды. Жүргізуші ұландықтарға жедел көмек көрсеткені үшін алғыс айтты.