Шымкентте полиция 25 жыл бұрын жасалған адам өлтіру қылмысын ашты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Одан бөлек, сол қалада қылмыс жасағаны үшін 16 жыл іздеуде жүрген күдікті ұсталды.
– Күдікті 2009 жылы үш адамға оқ атып, соның салдарынан біреуі қаза тапқан. Бұған қаржылық келіспеушіліктер себеп болған. Күдікті қамауда. Материалдар сотқа жіберілді, – деді Руслан Назаров.