Павлодар облысында есірткі таратқан ҚТЖ қызметкері ұсталды, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Үйлестіру кезінде Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлерімен жедел-іздестіру кешенін өткізу барысында есірткі өткізумен айналысқан қаланың екі тұрғыны ұсталды. Ұсталғандардың бірі белсенді екені анықталды, ол “ҚТЖ – Жүк тасымалы” ЖШС қызметкері өзімен бірге достарына есірткі таратты. Тінту іс шараларын жүргізу барысында шамамен 700 грамм есірткі тәркіленді, зергерлік электрондық таразы, электрошокер, пневматикалық мылтық, 2 мылтық және оқ-дәрі тартып алынды.
Полиция азаматтарды кез-келген ақпарат туралы хабарлауға шақырады, есірткінің заңсыз таралуына қарсы күресте көмектесу, үшін біздің қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет.