Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Нұрлан Нығматулиннің үлкен ағасы Арғын Нығматулинді іздеп жатыр, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Ашық дереккөз мәліметінше, Арғын Нығматулин – Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің және экс-депутат Ерлан Нығматулиннің ағасы.

Ол 1955 жылы 28 маусымда дүниеге келген. 2007 жылы сәуірден 2018 жылға дейін “Сарыарқа” хоккей клубы” ЖШС директоры қызметін атқарды. Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты болды.