ҚХР – ҚР – РФ бағытында жаңа цифрлық экожүйе іске қосылады

Петербург халықаралық экономикалық форумы алаңында Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Ресей Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары Денис Мантуровтың қатысуымен көлік саласындағы ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметі сілтеме жасап.

Осылайша, «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ және Мәскеу облысы арасындағы Ынтымақтастық туралы стратегиялық келісімге және ҚХР – ҚР – РФ бағыты бойынша «KTZ Express» АҚ, Xian Free Trade Port Construction and Operation Co. LTd және «Славтранс-Сервис» АҚ арасында Цифрлық экожүйені құру және іске қосу туралы декларацияға қол қойылды.  

Осы құжаттарды іске асыру жүктерді, оның ішінде қазақстандық жүктерді ауыстырып тиеуді және өңдеуді жақсартуға, сондай-ақ оларды жеткізу уақытын қысқартуға бағытталатын болады. Негізгі логистикалық торап Сиандағы (ҚХР) қазақстан-Қытай терминалы, Ресей және басқа елдер арасындағы тікелей көлік қатынасын дамытуға арналған.