Қаржы министрлігі цифрлық бюджеттік өтінімдерді, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін, бюджет қаражатын пайдалануды және мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебін жүргізуді нақты уақыт режимінде тексеруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметін қорытындылау кезінде мәлім болды.
“Комитет пен аумақтық департаменттердің алдына пост-аудиттен алдын алу және электрондық аудитті кеңейтуге көшу міндеті қойылды. Министрліктің цифрлық орта жағдайында ІМАК нақты уақыт режимінде бюджеттік өтінімдерді, мемлекеттік сатып алу рәсімдерін, бюджет қаражатын пайдалануды және Мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебін жүргізуді тексеру қажет”, делінген хабарламада.
Құзырлы ведомство қазір профилактикалық бақылау шараларының тиімділігін, сапасын арттыру және күшейту үшін комитетпен цифрлық онлайн-форматта бюджет шығыстарын жоспарлау сатысында мониторинг процесін және ден қою шараларын автоматтандыру, сондай-ақ электрондық аудит функционалын қолдануды кеңейту және шарттық міндеттемелердің орындалуына және нақты уақыт режимінде бухгалтерлік есепті жүргізуге камералдық бақылауды енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын нақтылады.