Экономиканы әртараптандыру: өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 6,1%-ға өсті

Үкіметтің баспасөз орталығы алаңында өткен баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мемлекет басшысының экономиканы әртараптандыру жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Өсімге металл бұйымдар өндірісі мен машина жасауда 14%-ға, тамақ өнімдерінде 9,2%-ға, мұнай өңдеуде 8,6%-ға, химия өнеркәсібі өнімдерінде 6%-ға ұлғаю есебінен қол жеткізілді», — деп хабарлады Серік Жұманғарин.