Шағын бизнесті қолдау: 1,9 млрд теңге жеңілдетілген несие

“Алматы” ӘКК ” АҚ еншілес ұйымы – “Almaty “МҚҰ” ЖШС жарты жыл ішінде қаланың шағын және микробизнес кәсіпкерлеріне жалпы сомасы 1,9 млрд теңге болатын 60 несие берді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Almaty Business-2025 бағдарламасы шеңберінде жабдықты, шикізатты, айналым қаражатын және басқа да қажеттіліктерді сатып алу үшін жылдық мөлшерлеме 2%, 6% (кепілмен) немесе 12%* (кепілсіз) құрайды. Қарыздың шекті сомасы 7 жылға дейінгі мерзімге 73 840 000 теңгеге дейін. Өндіріс және қайта өңдеу – ең танымал жобалар (32%), одан кейін халыққа қызмет көрсету (13%) және денсаулық сақтау (12%). 2019 жылдан бастап “Almaty” МҚҰ 540 шағын бизнесті қолдап, 2200-ден астам жұмыс орнын құрып, 12 млрд теңгеге жуық жалпы қаржыландыруды қамтамасыз етті. Жеңілдетілген несиелеу туралы толығырақ: +7 (727) 390 80 42 немесе https://mfoalmaty.kz/ сайтынан білуге болады.