Қостанайда жеткізу тізбегінен делдалды алып тастау есебінен қарақұмық бағасы 25% – ға (340 теңгеден 260 теңгеге дейін) төмендетілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Қаржылық мониторинг агеттігіне сілтеме жасап.
Солтүстік Қазақстан облысында дәл осындай алгоритм бойынша супермаркеттер желісіндегі қарақұмық бағасы 40% – ға арзандатылды. (3 кг қаптамасы үшін 2374 теңгеден 1450 теңгеге дейін).
Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік азық-түлік жиынтығын жеткізу кезінде сауда үстемесі сатып алу бағасынан 15%-дан аспауы керек.