Қазақстанда инвесторлар мен кәсіпкерлерге арналған интерактивті карта әзірленді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
«Атамекен» палатасы елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған Қазақстанның экономикалық реформалары процесіне белсенді қатысады және шетелдік инвестициялар үшін «ашық есік» саясатын ұстанамыз. Үкіметпен тұрақты және болжамды салық режимін қамтамасыз ету, сот жүйесін жетілдіру және әділ кәсіпкерлік ортаны құру бойынша ынтымағымыз берік. Ұлттық палата бейінді мемлекеттік органдар және ұйымдармен бірлесіп «бір терезе» қағидаты арқылы мемлекеттік қолдау шараларына ашық және тең қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін цифрлық экожүйені құру үшін белсенді жұмыс істейді», – деді «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Райымбек Баталов елордада өткен ШЫҰ мүше елдер өкілдерінің қатысуымен өткен іскерлік кеңес отырысында.
Сондай-ақ, палата басшысы цифрлық интерактивті инвестициялық карта әзірленгенін тілге тиек етті.
«Біріншіден, интерактивті карта жергілікті жерлерде инвестициялық жобалардың неғұрлым объективті іске асырылуын бақылауға мүмкіндік береді. Екіншіден, өңір және тұтастай ел ауқымында шағын және орта бизнесті дамытудың негізгі көрсеткіштерінің мониторингі. Сонымен қатар, бұл карта инвесторлар мен инвестициялық ұсыныстар туралы ақпаратты біріктіретін бірегей дерекқор. Карта әлеуетті инвесторларға Қазақстандағы мүмкіндіктер мен жобалар, сондай-ақ бизнесті жүргізу шарттары туралы толық мәлімет алуға мүмкіндік береді. ШЫҰ іскерлік кеңесінің құрметті мүшелері мен бизнес өкілдерін осы платформаға қатысуға шақырамын», – дейді ол.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстанның ШЫҰ елдерімен тауар айналымы 66 млрд долларға жеткен.
Сондай-ақ, ШЫҰ елдерінен былтыр Қазақстанға 4,6 млрд АҚШ доллар көлемінде инвестиция тартылған.
Айта кетсек, ШЫҰ елдері бірлескен инжинирингтік хаб құру ұсынылды.