Өткен аптаның соңында Қазақстан қор биржасында (KASE) күрт қымбаттаған доллардың бағасы демалыстан кейін айырбастау орындарында да өсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қазіргі уақытта америкалық валюта ең жоғары бағамен Астанада сатылып жатыр.
27 шілдедегі айырбастау орындарындағы орташа бағамдар:
Алматы:
АҚШ доллары – 472,15–474,57 теңге;
Еуро – 537,33–542,49 теңге;
Ресей рублі – 5,67–5,81 теңге.
Астана:
АҚШ доллары – 469,00–475,99 теңге;
Еуро – 533,00–542,97 теңге;
Ресей рублі – 5,50–5,90 теңге.
Шымкент:
АҚШ доллары – 447,97–472,89 теңге;
Еуро – 536,21–542,00 теңге;
Ресей рублі – 5,70–5,77 теңге.
Айта кетейік, айырбастау орындарындағы валюта бағамдары нарықтағы жағдайға байланысты күн ішінде өзгеруі мүмкін.









