Үкіметтің баспасөз орталығы алаңында өткен баспасөз конференциясында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Мемлекет басшысының экономикалық өсім жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, соның ішінде инвестицияны ынталандыру, өнімділікті арттыру және экономиканың шикізатқа жатпайтын секторын кеңейту есебінен жүруде. Биылғы қаңтар-шілде айларының қорытындысы бойынша экономикалық өсім 6,3%-ға жетті. Нақты сектордағы өсім 8,3% құрады. Қызметтер өндірісі 5,2%-ға өсті», — деп хабарлады Серік Жұманғарин.