Елена Рыбакина “Ролан Гаррос” турнирінен шығып қалды

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Париждегі “Ролан Гаррос” турнирінен шығып қалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшсі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

“Кеше өзімді нашар сезіндім, қызуым  көтерілді. Бүгін де солай. Мұндай жағдайда ойнау қиынырақ болады. Мен 100% дайын емеспін. Температура, бас ауруы, нашар ұйқы. Мен бұл белгілерді екінші раундтан кейін сезіне бастадым. Жолым болмады, мен шөп төсенішіне дейін қалпыма келуге тырысамын”, – деді Елена арнайы баспасөз мәслихатында.