Ғұсман Қырғызбаев Олимпиаданың жартылай финалына шықты, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Екі спортшы белдесуді ширақ бастады. Валид белсенділік танытты. Ғұсман екі ескерту алды. Белдесу аяқталуға 7 секунда қалған тұста отандасымыз таза иппонмен жеңіске жетті.
Жартылай финалда Ғұсман бразилиялық Виллиан Лимамен белдеседі.
Ғұсман бірінші белдесуінде испан спортшысы Давид Гарсиа Торнені жарыс жолынан шығарды. Одан кейін екі бірдей Олимпиадада жүлде алған Ан Ба Ульдан басым болды.