Астаналық жас шабандоздар конкурдан Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті

Алматыда жасөспірімдер мен юниорлар арасында конкурдан (кедергілерден секіру) Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Астанадағы «Арғымақ» ат-спорттық сауықтыру кешенінің жас спортшылары турнирде жүлделі орындарға ие болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

№2 бағдар бойынша (кедергі биіктігі 110 см) жасөспірімдер арасында жүлделі орындардың бәрін астаналық спортшылар иеленді:

1-орын – Амира Қабжанова, Шах есімді атпен;

2-орын – Жандос Жақып, Адмирал атты айғырмен;

3-орын – Малика Серік, Микадо атты атпен.

«Балалар» санатында №3 бағдарда (100 см) бірінші орынды да астаналық спортшы – Злата Люлина 10 жастағы Барбина есімді биемен иеленді. Юниорлар арасында №2-5 бағдарлар бойынша (кедергі биіктігі 110-120 см) астаналық шабандоздар тағы да көзге түсті:

2-орын – Малика Серік, Микадо атпен;

3-орын – Яна Жемчужина, Бавария атты атпен.