Хабар-ошарсыз кеткен екі ақмолалықтың орналасқан жері анықталды

Ақмола облысында хабар-ошарсыз кеткен екі тұрғынның орналасқан жері анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

21 қарашада Есіл ауданының полиция бөлімінен ер адам көмек сұрады. Ол полиция қызметкерлеріне өзімен бірге тұратын әйелі хабарсыз кеткенін айтып, іздеуге жәрдемдесуді өтінген.

Әйел 6 қарашада үйден белгісіз бағытта кетіп, қайтып оралмаған.

Сондай-ақ 22 қарашада полицияға Атбасар ауданының тұрғыны ағасының жоғалғаны туралы арызбен жүгінді. 8 қарашада ол өзінің пәтерінен сыртқа шығып, белгісіз бағытқа қарай кеткен.

Осы күндері облыста өткізіліп жатқан «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері жоғалған адамдардың екеуінің де орналасқан жерін анықтады.

Ақмола облысының полиция департаменті өңір тұрғындарын өздерінің жоспарлары туралы әрқашан туыстары мен жақындарына хабарлап отыруға шақырады.