ШҚО-да полицейлер есірткі зертханасын жойды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
“Қарасора” жедел профилактикалық іс-шарасы барысында ШҚО-да криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Өскемен қаласының 25 жастағы тұрғынын ұстаған.
Ер адам өз саяжайында тыйым салынған өсімдіктерді өсіруге арналған, арнайы шамдармен, желдеткіштермен және термометрлермен жабдықталған зертхана құрған. Полицейлер оқиға орнынан қарасора бұтасын және өсімдік тектес заттарды тәркілеген.
Күдіктіге қатысты есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді, прекурсорларды өткізу мақсатынсыз заңсыз өсіріп, заңсыз өңдеу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.