Биыл Павлодар облысында 63 пәтер ұрлығы тіркелді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта облыста 170 жеке күзет ұйымы жұмыс істейді. Орталықтандырылған бақылау пультін қолдана отырып, 13 оператор-фирма өңірдің 6925 пәтері мен 6730 объектісін күзетуді жүзеге асырады. Барлық азаматтың тұрғын үйлерінен, сондай-ақ басқа да жеке мүліктерін ұрлатып алады.
– Азаматтардың жеке мүлкін ұрлаған адамдар азаматтардың пәтерлеріне кіру дағдылары мен тәсілдерін үнемі жетілдіріп отырады. Олар заманауи техниканы, мобильді және радиобайланысты пайдаланады, есіктер мен құлыптау құрылғыларын ашу үшін арнайы бейімделген құралдарды сатып алады және дайындайды, әртүрлі тәсілдерді пайдаланады: есіктерді сындырады, терезелер, балкондар арқылы кіреді, – деп мәлімдеді Павлодар облысы ПД.
Полиция қызметкерлері азаматтарды сақ болуға және қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. Пәтерден шыққан кезде терезелер мен балкондарды жабуды ұмытпаңыз, олар үйіңізге заңсыз кірудің бірден-бір жолы болуы әбден мүмкін.