Аягөзде кафедрадан кейін барған әскери қызметкер көз жұмды

Қорғаныс министрлігіне қарасты Аягөз ауданында орналасқан 10810 әскери бөлімінде жоғарғы оқу орынын бітіріп, әскери кафедрадан кейін барған әскери қызметкер көз жұмды. Әскери бөлім оның туған-туыстарына жас жігіттің асылып қалғанын айтқан, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

– Ол Қызылордада университетте оқыған. Сол жерде әскери кафедраны бітірген. Запастағы лейтенант болып шыққан. Осы жылдың 7 қыркүйегінде әке-шешесі, әжесі, атасы – барлығы жолға шығарып салған. 9 қыркүйекте жұмысын бастағанын хабарлаған. 

Аягөзде оны екі жылға қызметке шақырған еді. Бір сағат бұрын суық хабар келді. Асылып қалған дейді. Командирдің орынбасары солай айтты. Бұл жақта күмән туады. Кеше ғана барған адам қалайша асылып қалады? Күмән туып жатыр, – дейді әскери қызметкердің жездесі Дархан.

10810 әскери бөлімі  Аягөз қаласында орналасқан.