Аса ірі мөлшерде есірткі сатқан екі қызылордалық сотталды

Қызылорда қаласының екі тұрғыны аса ірі мөлшерде есірткі сатқаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды, –деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қызылорда облысы полиция департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында сату мақсатында аса ірі мөлшерде есірткі затын сақтаған Қызылорда қаласының 2 тұрғыны құрықталды.

Жүргізілген іс-шараның нәтижесінде күдіктілердің мекенжайларынан жалпы салмағы 1,4 келі есірткі тәркіленді. Сотқа дейінгі тергеп-тексерістің нәтижесінде қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша жинақталған барлық құжатты, дәлелдер сотқа жолданып, соттың үкімімен аталған күдікті тұлғалар 11 жылға сотталды.