Ішкі істер министрлігі қоғамда заң мен тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
– Алматыда полиция «гастролер»-қалта ұрысын ұстады. Ол қарбалас уақытта қоғамдық көлік жолаушыларынан ұялы телефон ұрлаған.
Сонымен қатар ұрланған телефондарды сатып алушы да ұсталды.
15 телефон тәркіленді. Қазіргі уақытта қылмыскер қамауға алынды, – деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.
Жыл басынан бері криминалдық полиция қызметкерлері республика бойынша 417 қалта ұрысын ұстады. Оларға қатысты 461 қылмыстық іс қозғалды . 21 қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды , 38 « гастролер «-ұры құрықталды. <!–more–>
– ІІМ қалта ұрлығын жасағаны үшін үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады. Қырағы болуға және құнды заттарды қолжетімді жерде ұстамауға кеңес береміз, — деп атап өтті полиция полковнигі .