Алматыда мопед пен жеңіл көлік соқтығысып, бір қыз мерт болды

Алматыда 6 қарашада мопед пен Toyota Camry көлігінің соқтығысуы салдарынан 26 жастағы қыз қайтыс болды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

ЖКО Ержанов көшесінде орын алды. Осипенко көшесінен Toyota Camry көлігі бұрылған кезде, қатты жылдамдықпен келе жатқан мопедті көрген, алайда жылдам әрекетке көшуге тым кеш болған. Ал, мопедист оның алдында келе жатқан қалалық маршруттық автобус бен көлік арасыннан өту шығуды жоспарлаған.

Осылайша 30 жастағы мопедист пен оның жолаушысы қарсы бағыттағы көлікке соғылған. Бұл туралы Toyota Camry жүргізушісі айтты.

Апат куәгерлерінің айтуынша, бұл жұпты оқиғадан бірнеше минут бұрын жақын маңдағы дүкенде көрген. Онда олар басқа сатып алушылармен келіспей қалған. Дүкен сатушысының айтуынша, ол жанжалдасушылар тобынан сыртқа шығуды өтінген. Арты қақтығысқа айналып, дүкеннің аумағынан мопедист пен оның жолаушысы жоғары жылдамдықпен кеткен.

Қатты соққыдан мопед жолаушысы көліктен асып, шамамен 10 метрге ұшып кетті және алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды.

Бұл ЖКО-ның барлық мән-жайларын полиция қызметкерлері анықтауда. Сондай-ақ, криминалист мамандары да жұмыс істеуде.

Бұған дейін Таразда полицейлерге жарылғыш зат туралы жалған ақпарат берген күдіктіні ұсталғаны хабарланған болатын.