Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
— Оған (Д.Ысқақ) ешқандай талабым жоқ. Басқасына мен әділетті шешім күтемін. Ешкімге жала жаппаймын, ешкімнің ақшасы керек жоқ. Тек келіп-кетіп жүрген жігіттер, басқа ешкім менің отбасымды мазаламасын. Ал баламның қанын төккендер жауап беруі керек, — деді Қаржаубай Нұрымов.