Қазақстанда 30 қауіпті Telegram-арна бұғатталды

Қазақстанда есірткі заттарын сататын 30 қауіпті Telegram-арна бұғатталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жетісу облысы прокуратурасы заңсыз есірткі заттарын жарнамалау деректерін анықтаған.

“Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының тапсырмасын орындау мақсатында облыс прокуратурасының қызметкерлерімен әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында белгісіз тұлғалармен есірткі және психотроптық заттарды насихаттау, жарнамалау және сатумен айналысатын мессенджерлердегі арналар мен сайттар анықталған”, – делінген хабарламада.

Нәтижесінде “Кибернадзор” ақпараттық жүйесі арқылы есірткі заттарын жарнамалайтын 30 есірткі алаңы бұғатталған.