Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті. Полиция оқиғаға қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жағдай Хан Шатыр ауданындағы Әнет баба көшесінде болған. Осы ауданда тұратын куәгерлердің айтуынша, жасөспірім 17 қаңтарда кешкі сағат 20:00 шамасында құлаған.

Қалалық полиция департаменті оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын хабарлады.

“Қылмыстық іс қозғалды. Себептер мен мән-жайлар анықталып жатыр”, – деп түсіндірді Астана ПД баспасөз қызметі өкілі.