9 маусымға қараған түні Алматы хайуанаттар бағында өрт тұтанып, аумақты қою түтін басты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Куәгерлердің айтуынша, қызыл жалын хайуанаттар бағының ішкі аумағында тұтанып, шамамен 25 шаршы метр аумақты алған.
Куәгерлердің айтуынша, өрт фотографтарға арналған күзет немесе қызметтік дүңгіршек ретінде пайдаланылған жеңіл коммерциялық құрылысты шарпыған. Сонымен қатар жақын маңда тұрған серуендеуге арналған электр көліктері де зақымданған. Қою түтін мен ашық жалын зебралар мен антилопалар орналасқан қоршауларға жақын жерден байқаған.
Қазір адамдар немесе жануарлар арасында зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр. Алайда оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жұмыс істеді. Сондай-ақ жедел жәрдем көлігі де кезекшілік атқарды. Әзірге ҚР ТЖМ ресми ақпарат таратқан жоқ.










