Елордада қазақстандық мәдениет апталығы салтанатты түрде ашылды

Қазақстан мәдениеті апталығы аясында елордалық жағалауда бірқатар тақырыптық іс-шаралар ұйымдастырылды.Ұйымдастырушылар – қалалық Мәдениет басқармасы, Сарыарқа ауданы және қоғам қайраткерлері.

Мерекелік іс-шара көркем және анимациялық фильмдер көрсетуден басталды. Қала тұрғындары мен қонақтарына «Менің атым Қожа» және басқа да кинофильмдер көрсетілді.Ұлттық атмосфераға ену мақсатында ұйымдастырушылар этноауыл құрды. Жағалауда ұлттық киімдер мен өнер көрмесі өткен «Алты бақан» мен киіз үй орнатылды. Қонақтар Қазақстанның бай мәдени мұрасын тамашалай алды. Сонымен қатар астаналықтарға тазы тұқымды иттер және Бүркіт көрсетілді.Сондай-ақ Есіл өзенінің жағасында ұлттық спорттық ойындар ұйымдастырылды. Іс-шара соңында «Жошы» этно-фольклорлық ансамблі қатысушылардың барлығына мерекелік көңіл күй сыйлады.Іс-шара 8 шілдеге дейін Есіл өзенінің жағасында жалғасады: