Елорда бойынша 2023 жылғы өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші еліміз бойынша ең жоғары, яғни 77,3 жыл болды. Бұл туралы Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев пен Астана әкімінің орынбасары Евгений Глотовтың қатысуымен өткен қорытынды алқада айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қабылданып жатқан шаралардың арқасында елордада негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер жақсарды: жалпы өлім-жітімнің 4,5 пайызға төмендегені байқалады.Сандар мен фактілер: өткен жылы Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында 10,5 миллион қабылдау өткізілді. Жедел жәрдем қызметі 708 мың шақырутды қабылдады. Стационарларда 194 мың пациент емделіп, 102 мыңнан аса ота жасалып, 31 мыңнан аса әйел босанған.Медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. 2023 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1 300-ге жуық қызметкер оқытылды: 917 дәрігер және 382 орта медицина қызметкері.151 мыңға жуық пациент тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді.Сенімді және дәл техника медициналық көмектің сапасын арттырады.