Ішкі істер министрлігі кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімін қалыптастыру бойынша жұмысын аяқтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Премьер-министрдің орынбасары Е.Жамаубаев бекіткен 2023 жылға арналған бизнес-ортаны жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөніндегі медиа- ж оспарды орындау үшін келесі мақаланы жариялауды сұраймыз :
“Жаңа парақтан” жаңа реттеу саясатын іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап SmartDataUkimet платформасында кәсіпкерлік қызмет саласындағы міндетті талаптар тізілімін жүргізу механизмі іске қосылды.
Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптар тізілімі-бұл кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган (Ұлттық экономика министрлігі) автоматтандырылған режимде қалыптастыратын және жүргізетін кәсіпкерлік қызметті реттеу салалары бөлінісіндегі реттеуші актілердің жалпыға қолжетімді дерекқоры .
Кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізілімін жүргізу қағидалары үкіметтің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 1131 қаулысымен бекітілген .
Бір мезгілде ІІМ құзыреті шеңберінде мынадай салаларда тізілім қалыптастыратынын хабарлаймыз: халықтың көші-қоны; күзет қызметі; күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және оларға техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызмет; жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын адамдарды даярлау жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметі; азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдар айналымы .
Нормативтік-құқықтық актілердің тізбесін және олардың жоғарыда аталған салаларға қойылатын талаптарын мына мекенжай бойынша қарауға болады “reestr.govtec.kz”, олардың қалыптасуы экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішіне сәйкес жүзеге асырылды ( бұдан әрі – ЭҚЖК ):
– Халықтың көші-қоны (ЭҚЖЖ – 8424 (қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет) ;
– (ЭҚЖЖ – 80101 және 80102 (жеке тұлғалар мен мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қызмет) ;
– күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызмет (ЭҚЖЖ-80200 (қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйелері саласындағы қызмет) ;
– жеке күзет ұйымында басшы және күзетші лауазымын атқаратын адамдарды даярлау жөніндегі мамандандырылған оқу орталықтарының қызметі (ЭҚЖЖ-85599 (басқа топтарға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге де қызмет) ;
– азаматтық пиротехникалық заттар мен оларды қолдана отырып жасалған бұйымдардың айналымы (ЭҚЖЖ – 20511 (жарылғыш заттар мен өзге де пиротехникалық бұйымдар өндірісі).